«Менің таңдауым - менің болашағым!»

Дата: 2022-01-28 16:34:26
«Менің таңдауым - менің болашағым!»

Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған  қалалық «Менің таңдауым - менің болашағым!»  акциясының ІІ-кезеңі басталды. Акция аясында бүгін 9-сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы ТЖД Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өткізілген   ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының ұстаздарымен және курсанттарымен жүздесті.