Zoom платформасы арқылы «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында «Қамшы» кітабының авторы, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Нұрдос Кәріммен кездесу

Дата: 2022-01-26 15:53:55
Zoom платформасы арқылы «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында  «Қамшы» кітабының авторы, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Нұрдос Кәріммен  кездесу

26 қаңтар 2022 жылы  Абай атындағы №2 лицейдің «Абай – руханияттың алтын қазығы» жобасы  аясында онлайн  Zoom платформасы арқылы «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбында  «Қамшы» кітабының авторы, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Нұрдос Кәріммен  кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. Өлеңдерінің барлық  жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну. Лицейдің 6-7 сыныптар арасында лицейдің  оқушылары Абайдың  әндері мен қарасөздерін таныстырды.  Абай әндерін насихаттау аясы жылдан жылға кеңейіп келеді. Осы арқылы лицей оқушылары  Абай атамыздың сазгерлік қырын жан-жақты танып біліп, барлық өлеңдерін, қарасөздерін білуге және үйренуге құштарлықпен құлшыну үстінде.