«Оқуға құштар мектеп» жобасы

Дата: 2022-01-17 16:22:53
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
6-11 сынып оқушыларының online – қашықтықтан оқуына байланысты «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілетін 20 минуттық кітап оқу сағаты Zoom платформасы арқылы жүзеге асырылуда. Бекітілген кестеге сай 7 В сыныбы жобаға өз үлестерін қосып, Сансызбай Сарғасқаевтың "Тәмпіш қара" повесін оқып жатыр.
  Сансызбай Сарғасқаевтың "Тәмпіш қара" повесі отызыншы жылдардағы ауыл өмірін суреттейді. Повесть 9 бөлімнен тұрады. 
Бөлімдері: "Танысу", "Тілеп алған азап", "Әзілі ме шыны ма?" , "Өкініш", "Теке қарт", "Не болды бізге?", "Бұдан кейінгі күндерде …", "Ойламаған жерден", "Үш күн қалғанда".
Шығарманың негізгі ойы –  жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.