«Ғылым таппай мақтанба» атты ғылыми-практикалық конференция

Дата: 2022-01-17 14:47:14
«Ғылым таппай мақтанба»  атты ғылыми-практикалық конференция

Желтоқсан айының 12-ші жұлдызында Абай  атындағы №2 мектеп-лицейде  «Ғылым таппай мақтанба»  атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференциясының мақсаты: Жастарды  өнімді еңбек етіп, ғылыми білімге ұмтылуына , алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуіне Абайдың бүкіл шығармашылық жолын негізге ала отырып, дарынды ұрпақ қалыптастыру. Конференцияга 11 А сынып оқушысы Разиева Жансая, Абай Айым, Жетпісбаев Әділет сынды қатысып , өз жобаларын жоғары деңгейде қорғады.Конференцияға 9-11сынып оқушылары қатысты. Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлем таныған Қазақстан » атты жас зерттеушілердің республикалық VIII Құрылтайына қатысып жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.Жұмадилова Зере 9 А сынып оқушысы – ІІІ орын, Толуяг Генчосман 8В –ІІ орын.