«Абай- руханияттың алтын қазығы» жобасы

Дата: 2022-01-17 14:45:38
«Абай- руханияттың алтын қазығы» жобасы

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Битанова К.Ш-ның ұйымдастыруымен «Абай- руханияттың алтын қазығы» жобасы аясында 2-4 сыныптар арасында «Ұлы ақынды отбасыммен оқимын» атты Абай өлеңдерін жатқа айту сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларға қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөз мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу. Сайысқа 14 оқушы қатысып, бағын сынады. Оқу орнының кітапхана меңгерушілері Хапура Бұлғанбай, Сопина Жанат, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Болат Жәнібек төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені 3 Ә сынып оқушысы Мәшүрбек Нұрғиса, 1-орынды 2В сынып оқушысы Рахымбек Аян, 3Ә сынып оқушысы Мұғаз Әбдірахман, 4Б сынып оқушысы Арғын Дастан иеленсе, 2-орынды 2В сынып оқушысы Аманжол Інжу, 3В Саят Айкүнім, 4Ә сынып оқушысы Мұратқызы Дилара еншілеп, 3-орынҒА 2Ә сынып оқушысы Сәбит Айтуған, 2В сынып оқушысы Тлебалды Аида, 3Б сынып оқушысы Еркебұланқызы Балнұр тұрақтады.Жеңімпаздарға алғыс хаттар табыс етілді