Бүкіләлемдік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды.

Дата: 2021-10-23 11:27:56

2021 жылдың 20 қазанында мектепте Бүкіләлемдік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды. 20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары декларациясын қабылдады. Құжат 10 негізгі принциптерді біріктіріп, өзінің түпкі мақсаты - "Балаларды бақытты балалық шақпен қамтамасыз ету"деп жариялады. Осы мақсатқа жету үшін ол барлық азаматтарды тиісті заңнамалық және басқа да шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.