"Диалогтық оқыту және сұрақ қою тәсілі" тақырыбында коучинг ұйымдастырылды.

Дата: 2021-10-18 18:55:16

16.10.күні Абай атындағы 2 мектеп—лицейінде ұжымға жаңадан қосылған мұғалімдерге  және жас мамандарға кәсіби бағыттағы әдістемелік шеберліктерін шыңдау мақсатында "Диалогтық оқыту және сұрақ қою тәсілі" тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Коучинг барысында мұғалімдер топқа бөлініп, диалогты оқытудың маңызын "Менталды карта" әдісі бойынша постерге түсіріп, талдап қорғады. Мұғалімдерге диалогты оқытудың ерекшелігі және сабақ барысында қойылатын сұрақтардың түрлері жайлы презентация көрсетіліп, ақпараттар берілді. Коучингтен мұғалімдер жаңа бағыттағы замануи сабаққа қажет әдістемелік көмек алып  шықты. Іс шараны директордың ОІО Ш. Т. Жақсыгелдина және М. С. Байтурганова өткізді.