"Өлкемнің өнегелі тұлғалары" тақырыбында 6а сыныбы оқушыларымен қаламыздағы ән—күй өнерінің тұлғаларымен зум платформасында кездесу өткізді.

Дата: 2021-10-18 15:31:22

"Шеберлік әлеміне саяхат"  апталығында музыка пәні мұғалімдері Еркинова Ж. Е және Өмірхан Ә. М "Өлкемнің өнегелі тұлғалары" тақырыбында 6а сыныбы оқушыларымен қаламыздағы ән—күй өнерінің тұлғаларымен зум платформасында кездесу өткізді. Кездесуге БГТК музыка бөлімінің оқытушысы, домбырашы Кажкаримова А. Е және М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының әнші, сырнайшы Баймағанбетов Е.қатысып, оқушылар сұрағына жауап берді. Қонақтан сый ретнде өнер иелері оқушыларға күмбірлете күй тартып, тамылжыта ән салды. Кездесу оқушылардың ән—күйге деген эстетикалық талғамдарының  жетілуіне бағыт берді.