«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Дата: 2021-08-06 16:49:24
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар, әріптестер! Сіздерді оқушыларымызға қолдау көрсету барысында демеуші болуға шақырамыз! Балаларға көмек беруге асығайық!