«Мен таңдаған мамандықтағы – математика»

Дата: 2021-02-15 09:08:53
«Мен таңдаған мамандықтағы – математика»

         "Айналамыздағы математика" атты облыстық математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес және "Өнегелі өмір"жобасы аясында КарМУ нің математикалық талдау және диференциялдық теңдеулер кафедрасының аға оқытушысы Танин О.А . және директордың БІЖО Шармухабетова Ж.А. ұйымдастыруымен   "Мен таңдаған мамандықтағы математика" тақырыбында 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен  онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге  лицейдің 2015-2019 жылдары аяқтаған, «Алтын белгі», «Үздік аттесат»  иегері атанған түлектері, математика пәндері бойынша олимпиада, ғылыми жобалар жеңімпаздары  Қайдар Б., Маркс Ж., Өмірсерік Н., Рамазанов Д., Мұрат Н шақырылды.

          Кездесуде 10-11 сынып оқушылары математикалық сауаттылық пәнінен көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мазмұнды жауап алды. Танин О.А оқушылармен қызықты да күрделі есептер шығару жолдарын көрсетті. ЖОО ның оқытушысымен ұйымдастырылған кездесу лицей түлектерінің болашағына жарқын жол ашарлық ой салды.