Онлайн ашық сабақ өтті

Дата: 2021-01-27 22:36:57
Онлайн ашық сабақ өтті

26.01.21 ж.  «Балқаш қаласы Абай атындағы №1 мектеп-лицейінің»  мұғалімі  Байтурганова Маншук Сериковна  2-сыныпта математика  пәнінен «Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті» тақырыбына  Қарағанды қаласы шеберлік орталығы мен «Казақмыс» жобасы  аясында  мұғалімдерге курстан  кейінгі қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған кезекті онлайн ашық сабақты  берді. Сабаққа ПШО маманы Хабат Мәдениет және қалалық  білім бөлімінің әдіскері Айтжанова Ж.А. бақылаушы болып қатысты.  Бақылаушы Хабат Мәдениет  сабақ мақсаты оқу мақсатына сай екендігін, оқу тапсырмаларының оқушы деңгейіне сәйкес және олардың қажеттіліктерін ескере отырып  құрастырылғанын және  проблемалық оқыту элементтерін көруге болатынын айтты.  ББ әдіскері Айтжанова Ж.А. оқушылармен үнемі кері байланыстың болғанын,  олардың белсенділігін тағы басқа оң жақтарын айтып келіп, «Зерек» жобасы элементтерін көре алмағанына өкініш білдірді.