"Қашықтықтан оқытуда жас мамандар тәжірибесі"

Дата: 2020-04-29 13:41:27

 

Лицейішілік әдістемелік іс- шаралар жоспарына сәйкес 24.04 күні "Қашықтықтан оқытуда жас мамандар тәжірибесі" тақырыбында онлайн семинар болып өтті. Күн тәртібінде директордың ӘІЖО Жаксыгелдина Ш.Т. "Қашықтықтан оқыту технологиясы- инновациялық технологиялардың бірі" тақырыбында сөз бастады. Кейін бастауыш сынып мұғалімі Токишева А.Т. "Бастауыш сыныпта қашықтықтан оқытуда қолданылатын білім ресурстары" тақырыбында ой қозғады.
Математика пәні мұғалімі- Сейфулла А.А. "Қашықтықтан оқытуда Learning Apps оқыту материалдарының тиімділігі", физика пәні мұғалімі- Амантаев Ж.А. "Қашықтықтан оқыту платформаларын физика пәнінде тиімді қолдану", ағылшын тілі пән мұғалімі- Нұрлан М.Б. "Ағылшын тілі сабағында қашықтықтан оқыту технологиясында қолданылатын білім ресурстары", ағылшын тілі пән мұғалімі Камит С. "Қашықтықтан оқытуда кері байланыс алу жолдары" және информатика пәні мұғалімі- Аманжол Қ.А. "БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын Classroom оқыту платформасында құрастыру" тақырыптарында өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
#Балқашбілім
#Школадома
#Бізбіргеміз