COVID-19-ға қарсы вакцина жайында тәрбиешілерге кеңес

Дата: 2021-08-06 15:06:18

COVID-19-ға қарсы вакцина жайында тәрбиешілерге кеңес

Вакцина салдырған әрбір адам білуі керек ең маңызды нәрсе – екпе инфекциядан емес, аурудың ауыр ағымынан, коронавирустан болатын өлімнен корғайды. Екпені не үшін алу қажет? Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Сондықтан өкпе немесе бронхпен, жүрек-тамыр ауруларымен және қант диабетімен ауыратын адамдарға вакцинаны мүмкіндігінше тезірек алу ұсынылады. Бірақ алдымен дәрігермен кеңесу керек. Қазақстанда вакцинация ерікті түрде салынады. Кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакциналау адамның келісімімен жүргізіледі. Вакциналау кезең-кезеңмен және тегін жүргізіледі. Вакцина кез-келген созылмалы ауруы бар адамдарға ұсынылмайды. Өршу сатысындағы (онкологиялық науқастарды қоса алғанда) немесе кез-келген басқа белсенді түрдегі инфекциясы бар, дене қызуы көтерілген адамдарға екпе салдырмаған жөн. Кейбір гормоналды препараттарды қабылдау вакцинаның тиімділігін төмендетеді, бірақ оған кедергі келтірмейді. Егер екпе салардан бір немесе екі күн бұрын сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, вакцинаны кейінге қалдырған дұрыс. Коронавируспен ауырғандар вакцина салдыра ма? Вакциналауға дайындық кезінде антиденелердің болуы туралы анықтама қажет етілмейді. Коронавируспен ауырып жазылғаннан соң екпе 6 айдан ерте жүргізілмеуі қажет. Вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады. Балаларға вакцина салына ма? «Спутник V» вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Тек кәмелетке толған адам ала алады. Вакцинациядан кейін не істеу керек? Не рұқсат етіледі, не істеуге болмайды? Екпені ағзаға енгізгеннен кейін, қауіпті аллергиялық реакция мүмкіндігін болдырмау үшін дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт өткізу керек. Қандай жанама әсерлер болуы мүмкін? Адамдардың көпшілігі вакцинаны ешқандай ерекше белгісіз өткізеді. Ал, кей адамдарда инъекция орнында аздап ауырсыну, қызару немесе ісіну, әлсіздік болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұлшықеттерде аздап ыңғайсыздық болуы ықтимал. Кейде дененің қызуы көтерілуі, аздап қалтырау, жүрек айну және лимфа түйіндерінің шамалы ұлғаюы мүмкін. Мұның бәрі иммунитетті қалыптастырудағы қалыпты реакциялар. Қазіргі уақытта вакцинацияланған адам басқаларға қауіп төндірмейді. 38 градусқа дейінгі температураны төмендетпеу ұсынылады. Егер ол одан жоғары көтерілсе, әдетте суық тигенде қолданатын ыстық түсіретін дәріні қабылдауға болады. Ең жақсысы – парацетамол. Сирек жағдайларда дене қызуының көтерілуі екі-үш күнге созылуы мүмкін. Ауыр жанама әсерлер өте сирек кездеседі. COVID-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін ауыру қаупі бар ма? Егер сіз екпе алғаннан кеін ауруды жұқ тырғанның өзінде , ол жеңіл түрде, асқынусыз өтеді. Есте сақтаңыз Симптомсыз пациенттер инфекция көзі болып табылатынын есте сақтаңыз! Бетперде тағуды, әулеметтік қашықтықты, қол гигиенасы және жөтелу этикетін сақтауды жалғастырыңыз.