Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебіндегі «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының атқарған жұмысы бойынша ақпар.

Дата: 2018-06-05 16:39:09

   Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

   Осы орайда 2017- 2018 оқу жылының наурыз айынан бастап мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды.

   «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Қалиақпар Н.О. оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына,бостандықтарына және міндеттеріне құрметті,адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін,еңбексүйгіштікке,оқуға,өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды.

   8-11 сынып оқушыларымен 14-наурыз күні «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен бопсалауды  болдырмаудың алдын алу» «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме сағаттары өтті. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.

    Мектеп оқушыларының арасында 6-сәуір күні «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 5-8 сынып оқушыларының суреттері қойылды. Ең үздік деп 5 «А» сынып оқушысы Мағау Айгүл мен Қайырбекова Ажардың суреттері танылды.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

   «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Н.О.Қалиақпар мен дебат клубының жетекшісі Маратұлы А. ұйымдастыруымен 20- сәуір күні «Қоғамда тәртіп негіздері» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен пікірталас өткізілді. Оқушылар «Талапкер», «Заңгер» деп екі топқа бөлініп өз ойларын ортаға салды.
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 11- мамыр күні «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтілді. Ата-аналарға балаларда құқықты, заңдарды, құқылық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жадынамалар таратылды. Ата-аналар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп,өз балаларын адал етіп,өз елін,жерін сүйетін патриот болуларына тәрбиелейтіндіктері туралы айтты.

     «Адал ұрпақ» еріктелер тобының мүшелері 19-мамыр күні сағат 11.00-де  №25 орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ »тақырыбындағы концерттік бағдарламаны 11 сыныптың оқушылары мен ата-аналарына  арнап рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру  мақсатында ұйымдастырды.

  Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екендігіне оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың көзін жеткіздік. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.