1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты сап жиынының өткізілгені туралы фотоақпар

Дата: 2017-12-04 07:54:02

        1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  30-қараша күні мектебімізде Ұланбасы ант беру жиыны болды. Биылғы оқу жылында 8 «А» сынып оқушысы Талғат Арнұр Ұланбасы болып сайланған болатын. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен басталды. Сап жиынында тәрбие ісінің меңгерушісі М.М. Жолдасбекова оқушыларды Елбасы күнімен құттықтады. 6-сынып оқушыларынан құралған  үгіт насихат тобы Елбасының өмірі мен қызметі жайлы айтып өтті. Ұланбасы Талғат Арнұр мектеп басшысы, ұжымы, мектеп оқушылары, Жас Ұландықтар алдында ант берді және ант мәтіні бар 2 дана бланкілерге қол қойды. Біріншісі Ұланбасының жеке істері материалына енгізілді, екінші данасы оқушылар «Жас Ұлан» комитеті стендіне ілінді.