Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің «Жасдәурен» жазғы алаңының І кезеңнің жабылу салтанатының ақпары.

Дата: 2015-06-17 08:45:53

         2015 жылдың 13 маусымында сағат 11.00-де мектебіміздің жазғы алаңының І ауысымының жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанаты «Ертегілер елінде» аты саяхат –ертеңгілік түрінде ұйымдастырылды.

Ертеңгілік барысында балалар «Мақта қыз бен мысық», «Қаңбақ шал», «Тазша бала», «Мыстан кемпір», «Дәу», сияқты т.б. ертегілер кейіпкерлерін сахналап көрсетті. Балалар әр ертегі қақпасының тапсырмасын орындады.  Әр тапсырманы  орындауда екі топ жауапкершілікпен қарап,  белсенділік танытты.  Балалардың  ой-қиялын дамыту мақсатында тапсырмалардың бірі «Өтірік өлең құрастыру», «Өз ойынан ертегі құрастыру» болды. «Өз ойынан ертегі құрастыруда» балалар өздерінің құраған ертегі мазмұны бойынша сурет салды.

Ертеңгілік соңында тәрбиешілер осы І ауысымда «Қандай жаңа ой түйді?», «Не үйренді, не қызық болды?», «ІІ ауысымға келгілері келе ме?», «Не нәрсе көңіліңнен шықпады?» , т.б. сұрақтар қою арқылы рефлексия жасап, бабалар өз ойларын қағазға жазып «Алаң жүрегіне» жапсырды.

         «Жасдәурен» жазғы алаңының І кезеңі жабық деп жарияланды.

 

Тәрбиешілер: Р.М.Болсамбекова

                       М.Е.Ботаханова