1-11 сыныптың ата-аналарымен «Қауіпсіз жаз» атты олыстық акция барысында өткізілген жұмыстары бойынша анықтама

Дата: 2015-05-23 10:23:45

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 23 мамыр күні 1-11 сыныптың ата-аналарымен «Жаз мезгіліндегі өмір қауіпсіздігінің алдын алу» бойынша нұсқаулықтармен таныстыру мақсатында жиналыс өтті. Жиналысқа  170 ата-ана қатысты.

 

Жиналыста  1-11 сыныптың білім алушыларына жаднамалар таратылып берілді.Сонымен бірге әр сыныптың білім алушыларымен өткізілген нұсқаулықтармен ата-аналарына таныстырылды.

Әр сынып бойынша жыл басында және жыл аяғында таныстырылған нұсқаулықтар талқыланды.

Бұл нұсқаулықтарда әсіресе жаз мезгілінде әрқашан есте қатты сақтауға тиісті «Жол қауіпсіздігі», «Судағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі», «Үйде жалғыз болғанда» , «Аулада қауіпсіздік» , «Үйдегі электрмен жабдықталған техниканы пайдалану»,  «Көшедегі қауіпсіздік», «Мұз үстіндегі қауіпсіздік» , «Пиротехнакалық заттарды қолданбау» туралы нұсқаулықтармен таныстырылды.

  

     Ата-аналар жиналысы барысында бала өміріне үлкен жауапкершілікпен қарау керек екендігінің тағы да бір қырларымен таныстыра отырып, әлі де болса әрқашан қауіпсіздіктің алдын алу және оны болдырмауға мектеп те , ата-ана да  жауапты екендігін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр ата-анаға жаднама таратылды. Жаднамада «Су айдындарындағы қауіп-қатерден сақтану ережелері», «Балаларыңдың сағ.22.00-ден соң  ата-ананың қарауынсыз қоғамдық орындарда, сағ.23.00-ден соң көшеде жүруіне тиым салынуы», «Балалардың  жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру», «Жұмыста жүрген уақытыңызда балаларды қараусыз қалдырмау, бірге жүретін немесе ойнайтын достары кімдер екенін біліп отыру» сияқты  кеңестер көрсетілген. 1-11 сынып жетекшілері ата-аналарға «Ата-аналардың жаз мезгіліндегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау  нұсқаулықтарымен таныстыру  журналына» , оқушыларға «Білім алушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау  нұсқаулықтарымен таныстыру журналына»  нұсқаулықтармен таныстыру жұмысын растау мақсатында қол қойғызды.

 

Директордың   м.а                                   С.С.Амирбаева.