ЖББ №25 орта мектебінде желтоқсан айының 30-ы мен қаңтар айының 8-і аралығында «Қысқы демалыс» өтті.

Дата: 2015-05-22 09:17:02

 

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде қысқы демалыс кезінде іс-шаралардың өткізілгені туралы ақпар.

 

 ЖББ №25 орта мектебінде желтоқсан айының 30-ы мен қаңтар айының 8-і аралығында «Қысқы демалыс» өтті.

  

5 қаңтар күні 2-6 сыныптың 25 білім алушысы «Жасыл шырша жырлары» тақырыбында оқушылар сарайына жаңа жылдық би кешіне барды. 1А,1Б сыныптары  «Кеніш кітапханасына саяхат» жасады. Біраз білім алушылар кеніш кітапханасынан өздеріне  керекті кітаптарын алды. «Жаңа жылдың сиқырлы ғажайыптары» тақырыбында 7-9 сыныптарда фото суреттер байқауы өтті.

 

 

6 қаңтар күні   «Эстафеталық ойындар» 5-6 сыныптар арасында мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері өткізді.Оқушылар сарайына «Жас нұсқаушы байқауы» атты сайысқа 8 сынып оқушысы Нұрмағанбет Сырым қатысты.№2 мектепте өткен «әр елде Жаңа жылды қалай қарсы алады ?» атты сайысқа 8 сынып оқушысы Шайхенов Бауыржан қатысып, алғыс хат алды.

 

 

Желтоқсан айының 30 мен қаңтар айының 8-і аралығында өткен демалыс кезінде алдын ала мектеп әкімшілігі және ата-аналар комитетімен,сынып жетекшілер бірлескен рейдтер ұйымдастырылды. Рейдтің мақсаты кешкі уақытта балалардың бос жүрмеуі және жағдайсыз отбасы мен мектепішілік есептегі балалардың үйлеріне рейд жасады.

Мектеп спорт залында кестеге сәйкес өткізілуі тиісті спорттық ойындар,жарыстар ұйымдастырылды.Мектеп ұстаздары осы күндер ішінде үйірмелерді өткізді.Үйірмеге келген білім алушылар бос уақыттарын тиімді пайдалана білді.

Аға тәлімгер: Қалиақпар Н.О.