«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты шығармашылық флешмоб

Дата: 2023-06-07 12:53:12

1 маусым – халықаралық балалық шақ мерекесі. Балаларды қорғау күні жаздың бірінші күніне келеді, ол 1950 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі.
Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл әрқашан жарқын, шуақты, балалық шақтың нағыз қуанышты мерекесі.
1 маусым – көптен күткен жаздың, демалыстың бірінші күні! Ал жаз – ол қуаныш, демалыс және сауық-сайран!
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 2023 жылдың 30 мамыры күні «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» атты шығармашылық флешмоб ұйымдастырылды.
Флешмоб мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу. Флешмобқа ұстаздар, оқушылар белсене қатысты.