“Таза қала!” акциясы

Дата: 2023-06-02 12:23:42

Сенбілік – айналамызды қоқыс қалдықтары­нан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып, гүлдер егіп, халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс. Қоғам игілігі үшін атқарылатын ұжымдық еңбектің мәні зор.
Жас ұрпақты қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде 20.05.23 күні “Таза қала!” акциясы аясында сенбілік өтті. Сенбілікке ұстаздар, оқушылар, кіші қызметкерлер белсене қатысты.