"Мектеп күні-2023"

Дата: 2023-05-15 15:02:08

3-сәуір күні мектебімізде "Бірге оқимыз: мұғалімдер мен мектептің кәсіби дамуы" тақырыбында дәстүрлі "Мектеп күні-2023" аясында "Ұлы дала мұрагерлері-болашаққа рухани серпіліс" блогы бойынша: «Өнегелі өмір», «Ата- анамның жұмыс орнындағы он күн», «Ауылдағы екі апта» жобалары қорғалды. Бұл жобаға мектебіміздің 7 А сынып оқушысы Рымбек Аяжан, бауырлары 5Б сынып оқушысы Рымбек Бедел, 4А сынып оқушысы Рымбек Шашубай, аналары Спанова Балдырған Қуанышқызы қатысты. «Өнегелі өмір» жобасы бойынша Балдырған Қуанышқызы өзінің жеке кәсібінің ашылуы және жетістікке қалай жеткені туралы, ал, Аяжан бос уақытын өзінің анасының жұмысында қалай өткізетініне тоқталды. Бедел мен Шашубай өз жобалары бойынша үй шаруашылығына қалай ата- аналарына қолғабыс ететіндері жайлы өз ойларымен бөлісті.