"Біз біргеміз" атты айлық жоспары

Дата: 2023-05-14 23:06:11

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ- де ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған "Біз біргеміз" атты айлық жоспары аясында «Отбасылық шығармашылық жұмыс" тақырыбында іс –шара өткізілді. Балалар ата-аналармен бірге бірлесіп шығармашылық жұмыстар жасады. Мақсаты: үй жағдайында баланың бос уақытын тиімді пайдалану, жан-жақты дамыту. Бала бойына сенімділік ұялату. Әрқашан ата-анасының қолдау көрсететінін сезіндіру.