9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне және 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты кеш

Дата: 2023-05-14 18:31:43

05.05.2023 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі» КММ -де 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне және 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлы Жеңісті құрметтеуге, Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Кешті 9-10 сынып оқушылары «Мен қазақпын» әнімен бастады.
Мектеп директоры Г.С.Мейрбекова құттықтау сөз сөйлеп, ер мұғалімдерге алғыс білдірді. 3 сынып оқушыларының «Ақ көгершін», 5 сынып оқушыларының «Отаным» әндері көрермендерге қуаныш сыйлады. 9Б сынып оқушысы Сансызбай Ернұр өлең оқыды.
7-8 сынып оқушылары «Батыр тұлға» тақырыбында көрініс қойды. Мектебіміздің жас мамандарынан құрылған үгіт -насихат тобы ер мұғалімдерге құрмет көрсетіп, қайсарлықты, патриотизмді дәріптеді. Кеш «Елім менің» патриоттық әнімен аяқталды. Мектеп ұжымына мерекелік көңіл сыйлап, патриоттық рухын көтерген кешке көрермендер риза болды.
Жүргізушілер: 6 «Б» сынып оқушылары Ордабек Айсұлу мен Тлеуберген Ербота.
Ұйымдастырушылар: Қоғамдық -гуманитарлық әдістемелік бірлестігі.