«Ұлттар фестивалі» байқауы

Дата: 2023-05-14 18:19:50

2023 жылдың 27-сәуір күні "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні аясында 1-4 сыныптар арасында «Ұлттар фестивалі» байқауы өтті.
Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, өнерін, өзіндік үлгі-өнегесін келешек ұрпақтың бойына сіңіру.
Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес, өздеріне берілген елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тұрмысын сахналап, өнерлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарын таныстырды: 1А - татар халқы, 1Ә- қазақ халқы, 2А - қырғыз халқы, 2Б - француз халқы, 3А - кәріс халқы, 3Б - түрік халқы, 4А - орыс халқы, 4Б - жапон халқы.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - 3Б сыныбы;
I орын - 1А, 3А, 4А сыныптары;
II орын - 1Ә, 4Б сыныптары;
III орын - 2А, 2Б сыныптары;