"Менің елімнің мемлекеттік рәміздері" тақырыбында сауалнама

Дата: 2023-05-14 18:07:45

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
2023 жылдың 11-сәуір күні оқушылардың Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін анықтау мақсатында «Парасат» мектеп парламентінің депутаттарының және «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасысының ұйымдастыруымен 1-9 сыныптардан "Менің елімнің мемлекеттік рәміздері" тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі оқушылардың рәміздер туралы білімін көрсетіп қана қоймай, өз елінің патриоты болуға зор ықпалын тигізді деген ойдамыз.