Республикалық “Жасыл мекен” челленджі

Дата: 2023-05-14 16:19:15

Табиғат адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат егіз ұғым. "Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті" дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтеріледі.
2023 жылдың 13 мамыр күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-нің ата-аналары мен оқушылары Республикалық “Жасыл мекен” челленджіне қатысып, мектебіміздің аулаларына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл іс шараның мақсаты: экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.