Балқаш қаласы медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2023-05-12 12:32:25

2023 жылдың 25 наурызында кәсіби бағдар беру мақсатында 9- сынып оқушылары Балқаш қаласы медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға барып қатысты. Мақсаты: мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу.
Оқушылар медицина мамандықтарымен,оған түсу шарттарымен, колледждің оқу кабинеттерімен, заманауи медициналық құрылғыларымен танысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.