“Нашақорлыққа жол жоқ!”

Дата: 2023-05-12 12:22:09

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 2023 жылдың 11-мамыр күні “Нашақорлыққа жол жоқ!” тақырыбында Балқаш қ. ПБ нашақорлық қарсы күрес жөніндегі инспектор полиция аға лейтенанты Шәкәрім Нұрсұлтан Еркінұлы 7-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, нашақорлықтың алдын алуға шақыру. Кездесу барысында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды.
Ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы полиция капитаны Жукин Ерсін Мадиевич қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері жайында айтып өтті.