Размер шрифта:

ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі, облыстық Үстел теннисі құрамасының Президенті, Қарағанды қаласы қалалық маслихатының хатшысы Бексұлтан Құдайберген Бексұлтан ұлымен онлайн кездесу

Дата: 2023-01-27 14:53:36

Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы N25 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушылары Қарағанды облысы Білім қызметкерлерінің оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Өнегелі өмір" жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі, облыстық Үстел теннисі құрамасының Президенті, Қарағанды қаласы қалалық маслихатының хатшысы Бексұлтан Құдайберген Бексұлтан ұлымен онлайн кездесу өткізді. Жобаның мақсаты - мектеп оқушылары мен жетістік пен табысқа жеткен жерлестерімен кездесулерін ұйымдастыру. Қарағанды жерінің дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы жерлестерімізді көпшілікке таныту, іс - тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өмірге дайындау, қоғамда өмірде өз орындарын таба білуге баулу және кәсіби бағдарлау.

Құдайберген Бексұлтанұлы оқушылардың "Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?" , "Сіз өз мамандығыңызды қалай таңдадыңыз?", "Сіздің алғашқы ұстазыңыз кім?", "Сіз мектепте конкурс, олимпиадаларға қатыстыңыз ба?" және т.б.сұрақтарына жауап беріп, білгенін оқушылармен бөлісіп, тамаша сұхбат бергеніне алғысымызды білдіріп, онлайн кездесуден шығарып салдық.

Возможно, это изображение 13 человек, люди стоят и в помещении