9-11 сынып оқушыларына мамандықтар жәрмеңкесі

Дата: 2023-01-27 14:28:08

2023 жылдың 26-27 қаңтарында кәсіби бағдарлау мақсатында Балқаш қаласы Оқушылар сарайында 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке қонақтары Қарағанды қаласы академик Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды Орталық Қазақстан академиясы, Көкшетау техникалық университеті мамандықтар ен, оған бөлінетін грант мөлшерімен, стипендия туралы мәлімет берді. Университеттердегі биылғы жылғы өзгерістерімен таныстырып өтті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.