"ZhasSkills Kasakhmys-2023" чемпионатының іріктеу турының 2 кезеңі

Дата: 2023-01-27 14:21:22

2023 жылдың 13 қаңтарында ЖММ "Қазақмыс" корпорациясының политехникалық колледжінде мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру бағдарламаларымен таныстыру және кәсіптік дайындықтарының негізін қалау мақсатында өткізілетін "ZhasSkills Kasakhmys-2023" чемпионатының іріктеу турының 2 кезеңі өтті. Чемпионаттың 2 кезеңіне 1 іріктеу турының 4 жеңімпазы, 9 - сынып оқушылары Абзалбеков Дарын, Бахытханұлы Айдын, Сәкенұлы Ерлан, Тлеубай Нұрислам қатысты. 2 кезеңнің тапсырмасы "Дәнекерлеу ісі", "Металлургия", " Слесарь және жөндеу жұмыстары", "Электромонтаж" мамандықтары бойынша 15 тест сұрағын қамтыды. "Дәнекерлеу ісі" мамандығының қорытындысы бойынша Бахытханұлы Айдын жақсы нәтиже көрсетіп, чемпионаттың келесі кезеңіне жолдама алды. Оқушымызға чемпионатта сәттілік тілейміз!