Балқаш сервис колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2023-01-27 14:11:59

2023 жылдың 06 қаңтарында кәсіби бағдар беру мақсатында "Ы. Алтынсарин атындағы № 25 ЖББ мектебінің" 9 сынып оқушылары қаладағы Балқаш сервис колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Колледж оқытушылары өз мамандықтары жайлы бейне материал көрсетіп, кең көлемде түсінік берді. Сонымен қатар, оқытушылар тәжірибелік сабақтар өтетін шеберханаларымен таныстырды. Мектеп оқушылары тәжірибелік жұмыстар жасап, мамандықтарға деген өз қызығушылықтарын білдірді.