Балқаш қаласындағы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2023-01-27 14:06:07

2023 жылдың 04 қаңтарында Балқаш қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ - нің 9-сынып оқушылары Балқаш қаласындағы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Колледж оқытушылары автомобиль жөндеу слесары, электромонтер түрлері және салалары бойынша кең көлемде түсініктеме берді. Дәнекерлеу, слесарлық, көпір краны машинисті шеберханаларын көрсетті. Мектеп оқушылары мамандықтарға деген өз қызығушылықтарын білдірді.