"Қазақмыс" корпорациясының Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2023-01-27 13:59:18

2023 жылдың 04 қаңтарында Балқаш қаласы "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ - нің 9-сынып оқушылары ЖММ "Қазақмыс" корпорациясының Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Колледж туралы, колледждегі мамандықтар туралы, колледжге түсу ережесі туралы кең көлемде түсінік берілді. Металл кесу, өңдеу, токарлық, тас үгіту шеберханалары мен, электротехника, материалдарды сынау, сондай-ақ химия және техникалық механика зертханаларымен таныстырды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.