"Парасат" өзін-өзі басқару ұйымының отырысы

Дата: 2023-01-23 16:09:19

2022 жылдың 18-қараша күні “Парасат” өзін-өзі басқару ұйымының отырысы өтті. Мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу.

 

 

 

 

Отырыс барысында ұйымдастырылатын шаралардың негізгі бағыттары спорт, қамқорлық және еріктілік, құқық және тәртіп, мәдениет және өнер, дебат (пікірсайыс), экология және еңбек фракция министрлеріне алдағы уақытта өтетін іс-шараларға талдау жасалып, бағыт-бағдар берілді.