«БП Интернет оқушылар үшін зиян және пайдалы деп есептейді» атты қарары бойынша дебат

Дата: 2023-01-20 14:23:42

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ – нің 7 мен 8 сыныптар білім алушылары арасында 2022 жылдың 31 қазан күні «БП Интернет оқушылар үшін зиян және пайдалы деп есептейді» атты қарары бойынша дебат өтті. Ойын барысында екі командада жақсы ойын көрсете білді, әр позиция өз құндылығын алып шықты.
Мақсаты: заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына сері еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру.
Міндеттері: мектеп оқушылары арасында пікір –сайыстың деңгейін көтеру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру. Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлауы дамыту. Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау.