Балқаш қаласы медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2022-11-17 17:40:49

2022 жылдың  31 қазанында кәсіби бағдар беру бойынша 9- сынып оқушылары Балқаш қаласы медициналық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға барып қатысты. Мақсаты: мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу. 

Кәсіби сынама - мамандық таңдауда тұлғаға дұрыс бағдар беруде жауапкершілікті талап етеді. Оқушылар колледжде оқытылатын медицина мамандықтарымен,оған түсу шарттарымен, колледждің  оқу кабинеттерімен танысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Сынақтың соңында алған ақпараттарын зерделеу үшін оқушыларға буклеттер таратылды.