Тоғызқұмалақ ойыны

Дата: 2022-11-15 09:29:22

Тоғызқұмалақ - адамның ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштайтын, әрі математикалық ойлау мен төзімділікке баулитын ойын. Ол ежелгі түркілер қасиетті санаған 9 санына негізделген. Ойынды кейде "қойшылар алгебрасы" деп те атады. Өйткені, ойын кезінде барлық төрт негізгі математикалық амал қолданылады. Ойын жылдамдық пен әдіс-тәсіл санауға құрылған.
2022 жылдың 3-қараша күні күзгі каникул жоспарына сәйкес оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аскаров А.А ұйымдастыруымен тоғызқұмалақ ойыны өтті.