Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Дата: 2022-10-06 11:11:25

2022 жылдың 4 қазан күні мектебімізде 1-11 сынып ата-аналары үшін сағат 18.00-де жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста төмендегі мәселелер қарастырылды:

1. Құқықбұзушылықтың алдын –алу – Жолдасбекова М.М., Мусаханова Д.Ж

2. Терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы – Асқаров А.А

3. «Білімал» ата-аналар үшін – Имашова М.Б

4. Мектеп асханасында оқушылардың тамақтану жағдайы – Касатова Б.Т

5. Салауатты өмір салтын насихаттау - Тускеева Б.А

6. Кітап - рухани қазына – Казбекова Б.К

7. «Жүрек жылуы» тренинг – Сагымбекова Д.Ж

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Жолдасбекова М.М ата-аналарға "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында әңгіме қозғап, ата-ана міндеттері көрсетілген заң баптарымен таныстырып, оқушылардың кешкі уақытта қайда жүретінін бақылап, бала тәрбиесіне қатаң қарау туралы кеңес берді.

2-мәселе бойынша Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Аскаров А.А Терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен таныстырып, жарылғыш құрылғылардың белгілеріне, ғимаратта терроризм актісі орын алған жағдайда күзетшінің іс-әрекетіне және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуацияландыру жолдарына нақты тоқталды.

"Білімал" ата-аналарға тақырыбында директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Имашова М.Б Web.edumark.kz сайты бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Касатова Б.Т мектеп асханасында оқушылардың тамақтану жағдайы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті.

"Салауатты өмір салтын насихаттау" тақырыбында мектеп медбикесі Тускеева Б.А. өзінің баяндамасын оқыды. "Кітап-рухани қазына" тақырыбында мектеп кітапханашысы Казбекова Б.К кітап мәселесі жайлы айтып өтті.

Мектеп психологы Сагымбекова Д.Ж ата-аналармен "Жүрек жылуы" атты тренинг өткізді. Тренингті өткізу арқылы ата-аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз - өзін сыйлауға, баланың көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алды.