"Жасөспірім және заң" тақырыбында сынып сағаты

Дата: 2022-05-30 17:18:41

07.02.2022ж "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де "Құқықтық сауаттылық" апталығының жоспарына сәйкес 7 "А" сынып оқушыларына "Жасөспірім және заң" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.