«Мен патриот» атты зияткерлік сайысы

Дата: 2022-05-22 23:15:04

Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қалалық «Жас Ұлан» ұйымы арасында ұйымдастырылған «Мен патриот» атты зияткерлік сайысы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: Оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдету, тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, топ ішіндегі ұжымын біріктіру және дамыту, оқушылардың зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың коммуникативтік дағдылары мен ұжымдық шығармашылық еңбегін қалыптастыру және дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, олардың назарын Қазақстан тарихын зерделеуге аудару.

Сайысқа мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымының ұланбасы 8 "А" сынып оқушысы Серикова Жамилия қатысып, II орынмен марапатталды.