«Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау

Дата: 2022-05-22 22:28:23

2022 жылдың мамыр айының 4 күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де Балалар жылы аясында «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді. «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Сап жиынын мектебіміздің директоры Г.С. Мейрбекова құттықтау сөзімен ашып берді. Сап жиынында 2А және 2Б сыныбының 40 үздік және озат оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын білім алушылары «Жас Қыран» ұйымына, 5А сыныбының 10 оқушысы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға галстук пен төсбелгіні мектеп директоры, ұстаздар және ұланбасы тақты. Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді. Мейрамбек Жәнібектің орындауындағы «Туған ел» әні көпшіліктің көңілінен шығып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сап жиынында облыстық «Ыбырай оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды: «Дала жұлдызы – Ыбырай» номинацисы бойынша 6А сынып оқушысы Қазбеков Ержігіт, «Ұшталған қалам» номинациясы бойынша 5Б сынып оқушысы Тлеуберген Ербота, «Шағын әңгіме шебері» номинациясы бойынша 2Б және 6А сынып оқушылары.