«Мамандығым – болашағым» атты дөңгелек үстел

Дата: 2022-05-21 22:24:10

2022 жылдың 28 ақпан күні Мектеп Парламентінің "Экология және еңбек" фракциясы депутатының ұйымдастыруымен 7 "Б" сынып оқушыларымен «Мамандығым – болашағым» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру. Дөңгелек үстел барысында оқушылар қойылған сұрақтарға жан-жақты өз ойларын айтып, пікір алмасты.