"Менің мамандығым - менің болашағым" атты сурет байқауы

Дата: 2022-05-21 22:19:40

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

2022 жылдың 23 ақпаны мен 28 ақпаны аралығында Мектеп Парламентінің "Экология және еңбек" фракциясы депутатының ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында "Менің мамандығым - менің болашағым" атты сурет байқауы өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.