АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Дата: 2022-05-19 10:36:38

Жазғы демалыс

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

«Қауіпсіз демалыс – 2022»

        Құрметті ата-аналар! Балаларыңызбен қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелесіңіз. Жазғы мектеп каникулдары балаңыздың есінде тек жарқын күндер мен тамаша әсерлер қалдыру үшін тырысыңыз.

                                             ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Жазғы каникул кездерінде балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екеніңізді есіңізге саламыз.

«Баламен бірге жазғы демалыста»

        Жаз - жылдың керемет мезгілі. Көптен күткен демалыс – бұл көп жұмыс істегені, тұрмыстық шаруаларды атқаруы мен қамқорлық жасағаны үшін берілетін марапат. Отбасылық демалыс – бұл өз балаңызға ең көп уақыт бөлетін кезіңіз. Бала үшін – бұл көптен күткен ерекше оқиға.

Демалыс сізге және балаңызға тек қуаныш әкелуі үшін бірнеше ережелерді сақтаған жөн:

 Егер сіз балаңызбен айналысуға шешім қабылдасаңыз, есіңізде болсын, бұл іс-әрекеттеріңіз қысқа, әрі оларды таңғы уақытта өткізген абзал. Сіздің міндетіңіз балаңыздың білімі мен өз тәжірибеңізді ұштастыра отырып, оның таным көкжиегін кеңейту.

  Қала сыртына шығу немесе әлемге саяхат жасау кезінде баланың алған әсерлерін талқыға салуды ұмытпаңыз.

 Балаңызды теледидар мен компьютерден алшақ ұстауға бар күшіңізді салыңыз, барлық бос уақыттарыңызды таза ауада өткізіңіздер, велосипед, самокат, роликтер тебіңіздер, футбол ойнаңыздар. Жаз – бұл бала денсаулығын нығайту және оның келесі оқу жылындағы денсаулығы жазда қалай демалуына байланысты болады.

  Күн тәртібін сақтауға тырысыңыз, әйтпесе қыркүйекте оған қайтып келу қиынға түседі. Ұйқының қанбауы неврозды дамытады, шаршау жиілейді. Баланың ұйқысы күніне 10 сағаттан кем болмауы тиіс.

  Баланың тамақтануына назар аударыңыз. Сапасыз дайындалған балмұздақ, газдалған тәтті сусындар, фаст-фуд балаңыздың денсаулығын дамытпайды.

  Сіздің де, балаңыздың да көңілінен шығатын демалыс түрлерін таңдаңыз.

  Демалыста экскурсия жасауды жоспарласаңыз, балаңыздың оған деген көзқарасын біліңіз, егер оның жақтырмайтыны байқалса, ортақ тіл табысу керек. Оған қызықты басқа экскурсия таңдауға тырысыңыз. Балаңызбен ақылдасыңыз, оны мұқият тыңдаңыз, қарым-қатынаста ең бастысы қанша уақыт жұмсау емес, оның сапалы (назар аудару, сыйластық, түсіністік)болуы.

Алдымызда үш ай жазғы демалыс. Сіздерге жаздың қызықты өтуін, көтеріңкі көңіл-күй мен денсаулық тілейміз!

«Жаз және біздің балаларымыздың қауіпсіздігі»

Құрметті ата-аналар! Үйде немесе сыртта жүрген балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кенеттен пайда болған шұғыл жағдайда тез әрекет етуге дайын болу сіздің міндетіңіз.

    Шуақты жаз айларында жарақат алу қауіптілігі жоғары кезеңдерді естеріңізге саламыз:

1. АУРУҚОЗДЫРҒЫШ МИКРОБТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ.

2. ШАМАДАН ТЫС КҮН СӘУЛЕСІН ҚАБЫЛДАУ.

3. СУ ҚОЙМАЛАРЫ ЖАНЫНАН БАЙҚАП ЖҮРУ.

4. ЖОЛДАРДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ.

5. ЖЕКЕ КӨЛІКТЕ САЯХАТТАҒАНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН.

6. РОЛИКТЕРДЕ, ВЕЛОСИПЕДТЕРДІ ТЕБУ ҚАУІПТІЛІГІ ӘРДАЙЫМ ЖОҒАРЫ.

7. ЖӘНДІКТЕРДІҢ ШАҒУЫНАН ПАЙДА БОЛАТЫН АЛЛЕРГИЯЛЫҚ, ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР.

8. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ.

9. АСТАН УЛАНУ.

10. ТҰРМЫСТЫҚ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДАН УЛАНУ.

11. КҮЮ ЖӘНЕ КЕСІП КЕТУ.

12. Ата-анасы қанша жауапкершілігі жоғары болса да, бірлескен отбасылық демалулар, саяхаттар кезінде көптеген қауіптер төнуі мүмкін!

     Ата-аналардың міндеттері:

1. Балалардың өмірі мен денсаулығы, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына кедергі келтіретін барлық жерлерге балаларды жібермеу.

2. Балалардың денсаулығы, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтіретін түрлі ақпараттардан, үгіт-насихаттан қорғау.

      Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Сонда ғана сіз түрлі жағдайлардан аулақ боласыз!

Жақсы және жайлы демалыс тілейміз! Балаларыңыздың денсаулығы-сіздің қолыңызда!