"Қауіпсіз жаз - 2022"

Дата: 2022-05-19 10:28:53

Өрт қауіпсіздік ережесі  

 Өрттің алдын алу және оны болдырмаудың бірден-бір жолы әрбір адам өзінің жауапкершілігін сезінуі тиіс.

1.Әркез үтік, электрлі техникалық бұйымдарды тоқтан ажыратып кету керек.

2.Тамақ істер алдында, сіріңкені тұтар алдында сақ болу керек.

3. Қыс айларында үйдегі от жағылатын пештің жанына қағаз немесе ағаш қойылмауы тиіс.

4. Ұялы телефонның қуаттағышын қолданудағы қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

5. Газды пайдаланғанда газ балонын ашық, жабық екенін тексеріп, содан кейін сірңкені тұтатқан жөн.

6. Өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру бөліміне телфон арқыл хабарлау қажет. Тел:-101

Суда жүзудің қауіпсіздік шаралары

1. Тыйым салынған жерде шомылуға болмайды.

2. Шомылып жүрген баларды қараусыз қалдыруға болмайды.

3. Суға көпірлерден,тоғандардан, қайықтардан секіруге болмайды.

4. Таныс емес жерден сүңгуге болмайды.

5. Жүзетін заттарды қараңғы түсісімен пайдалануға болмайды.

  Есіңізде болсын!

Жолда жүру ережесі       

1.Жолда әрқашанда жасыл түс жанғанда өт

2.Жаяу жүргінші жолымен жүр

3.Жолдан өткенде абай бол!

4.Жолда ойын ойнауга болмайды

5.Жолда жақын жерде велосипед тебуге болмайды!

Егіс алқаптары, көгалды жерлердегі сақтық шаралары:

1.Жып-жылы жаздың қауіпті тұсы - улы жәндіктер екенін естен шығарма!

2.Шөпте жалаң аяқ не ашық аяқ киіммен жүру қауіпті.

3.Ұзын шашты қалпақтың астына жасырып не мүлдем жинап түйіп тастаған дұрыс.

Мерзімі өткен тағамдарды қолданудан сақ болу шаралары:

1. Тағамнан улану - бұл ас қорыту жүйесінің бұзылу қаупіне соғады;

2. Улану көбіне дайын тағамдардан - майонез және қаймақпен араласқан барынша көп компонентті салаттардан, кондитерлік қант қосылған кремді өнімдерден, тартылған еттен әзірленген тамақтан, сілікпелер және т.б тағамнан туындайды.

   * Дайын астан бөлек, дұрыс жуылмаған жеміс-жидектер мен балғын көкөністерден де улануға болады, өйткені олардың сыртқы қабатында ішек инфекциясының қоздырғыштары қалып қалуы мүмкін.

Көшедегі қаңғыбас иттерден сақтану шаралары:

1. Бүгінде қаңғыбас иттердің жүрген жері тұрғындар үшін өте қауіпті орындарға айналып келеді. Олар алдымен жұқпалы ауруларды таратушылар. Олар  құтыру белгілері байқалғанда адамға шабуыл жасайтындары тағы бар. Оның арты өлімге әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Жалпы, бұл қаңғыбас иттер көбінесе асыраушысы жоқ болғаннан немесе адасып кетуден пайда болады. Ал, мұндай иесіз жүрген иттер әр жерді паналап, қоқыс қалдығынан тамақ жеп күн көріп жүретіні айтпасақ та белгілі.

2.Дер кезінде дәрігерге қаралу керек!

Жарылғыш заттардан сақ болу шаралары:

1. Жарылғыш заттарды қолдануға құмартпаңыз, өміріңізге қауіп әкелері сөзсіз!

2.Күмәнді сатушылардан пиротехниканы сатып алмаңыз.

2. Балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етілмейді.

3.  Пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта сақтаңыз. Білтені созылған қолдың қашықтығында тұтату керек. Жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.

5. Есте сақтаңыз, жабық үй-жайда пиротехниканы мүлдем пайдалануға болмайды!