Облыстық "Ыбырай оқулары" байқауы

Дата: 2022-04-20 15:26:37

20.04.2022 жылы «Алтынсарин Альянс» мектептері және Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп (Ресурстық орталық) жанындағы интернаттың магниттік мектептері арасында облыстық “Ыбырай оқулары” байқауы өткізілді. Байқауға “Дала жұлдызы-Ыбырай” номинациясы бойынша мектебіміздің 6А сынып оқушысы Қазбеков Ержігіт, 8Б сынып оқушысы Сансызбай Ернұр, «Ұшталған қалам» номинациясы бойынша 5Б сынып оқушысы Тлеуберген Ербота қатысты. “Шағын әңгіме шебері” номинациясы бойынша 2Б және 6А сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» көрінісін қойды.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

 І орын 2Б сынып оқушылары

ІІ орын  5Б сынып оқушысы Тлеуберген Ербота

ІІІ орын 8Б сынып оқушысы Сансызбай Ернұр.