«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг

Дата: 2022-03-29 11:54:04

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ- нің педагог-психологы Д.Ж.Казыбаева 5-9 сынып оқушылары арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг өткізді.

Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, әртүрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.