1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай сап жиын

Дата: 2022-02-19 13:27:46

Тұңғыш президент күні 2011 жылдың 10-желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті.

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 30-қараша күні мектебімізде 7-11 сынып оқушыларымен салтанатты сап жиыны өткізілді. Сап жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен басталды. Сап жиынында мектеп директорының міндетін атқарушы М.М. Жолдасбекова оқушыларды Елбасы күнімен құттықтады. 8-сынып оқушыларынан құралған үгіт насихат тобы Елбасының өмірі мен қызметі жайлы айтып өтті. Іс-шара соңында «Атамекен» әніне флешмоб ұйымдастырылды.

Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.