«Кішкентай азаматтардың үлкен құқықтары» атты танымдық ойын

Дата: 2022-02-18 16:24:05

«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық айлық іс-шара жоспарына сәйкес аға тәлімгер Мағден Э.Н. ұйымдастыруымен 3 «А» сынып оқушыларымен «Кішкентай азаматтардың үлкен құқықтары» атты танымдық ойын өткізілді.

Мақсаты: ҚР Конституциясы жайлы мағлұмат беру, балалар құқығы туралы конвенция туралы түсініктерін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. Сынып оқушылары жастары кіші болса да кішкентай азаматтардың да үлкен құқықтары бар екендігі жайлы көптеген мәліметтер алды.